Оқушылар арасындағы Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі
«El Umiti Cup 2023»
7-8 қазан Астана қаласы
Турнир туралы
2023 жылдың 7-8 қазан күндері, Астанада мектеп оқушылары арасындағы ең ірі пікірсайыс турнирі — «El Umiti Cup 2023» Ұлттық гранд-турнирі өтеді. Еліміздің барлық аймағының мықтыларын жинайтын аламан бәйгеге қатысуға барлық пікірсайыс шеберлерін шақырамыз!
Бұл турнирге Қазақстанның әр аймағына 1 квота бөлінеді. Сондықтан, мейлінше жылдам қатысуға өтініш қалдырып, Ұлттық гранд-турнирде өз аймағыңыздың намысын қорғаңыздар!
Қатысу шарттары
Командаларды іріктеудегі шарттар мен өзге де қосымша ақпараттарды жақын арада турнир ережесінде жариялаймыз.
Мектеп оқушысы болу;
Өз аймағыңыздан командалас табу;
Командаласыңызбен бірге төмендегі сілтеме бойынша өтіп, өз жетістіктеріңізді жазып, қатысуға өтініш қалдыру;
Қатысушылар тізімін күту.
Тіркелу жабық
Сізді турнирде не күтеді?
Қызықты қарарлар
Өзге аймақ пікірсайысшыларымен танысып-білісу
Еліміздегі ең тәжірибелі төрешілердің фидбегі
Ауқымды жүлде қоры мен бағалы сыйлықтар
Алаңсыз ойын-сауық
"El Umiti Cup 2023" қатысушылары назарына !!!
Сізге "Тәуелсіздік дәуірі" ойынына қатысып, құнды сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігін ұсынамыз!
Іріктеу нәтижесі
"El Umiti Cup 2023" Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирінің ІРІКТЕУІНЕН ӨТКЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Егер сіз турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болсаңыз, 22 қыркүйек күні өтетін "Тәуелсіздік дәуірі" ойынының бірінші онлайн кезеңіне қатыса аласыз. Осы кезеңнен кейін 7 қазан (турнирдің бірінші күні) офлайн ойынға қатысатын 16 қатысушыны іріктеп аламыз.
К сожалению, регистрация на участие в дебатном турнире «International El Umiti CUP» уже закрыта. Однако, вы можете следить за новостями и обновлениями в наших социальных сетях. Мы будем рады видеть вас в следующем турнире!
Маңызды ақпарат
Турнирді "El Umiti" қоры ұйымдастырады. Қатысушылар мен олардың жетекшілері (әр аймақтан бір жетекшіге ғана) жайлы қонақүйден жатын орын, тамақтандыру және қала ішінде тасымалдау бойынша қамтамасыз етіледі. Сондықтан, өздеріңізге әріптес тауып, турнирде аймағыңыздың атынан шығуға білек сыбана дайындала беріңіз!