Студенттер АРАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ГРАНД-ТУРНИРІ
«Тұңғыш Cup 2023»
18 қараша Онлайн
Турнир туралы
2023 жылдың 18 қараша күні, онлайн-режимде студенттер арасындағы дүбірлі дебат додасы — «Тұңғыш Cup 2023» Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі өтеді. Еліміздің барлық аймағының мықтыларын жинайтын аламан бәйгеге қатысуға барлық пікірсайыс шеберлерін шақырамыз!
Бұл турнирге Қазақстанның әр аймағына 1 квота бөлінеді. Сондықтан, мейлінше жылдам қатысуға өтініш қалдырып, Ұлттық гранд-турнирде өз аймағыңыздың намысын қорғаңыздар!
Қатысу шарттары
Командаларды іріктеудегі шарттар мен өзге де қосымша ақпараттарды жақын арада турнир ережесінде жариялаймыз.
ЖОО студенты болу;
Өз аймағыңыздан командалас табу;
Командаласыңызбен бірге төмендегі сілтеме бойынша өтіп, өз жетістіктеріңізді жазып, қатысуға өтініш қалдыру;
Қатысушылар тізімін күту.
Турнир ережесі
ТІРКЕЛУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 12 ҚАРАШАСЫ, САҒАТ 23.59 ДЕЙІН
Сізді турнирде не күтеді?
Қызықты қарарлар
Өзге аймақ пікірсайысшыларымен танысып-білісу
Еліміздегі ең тәжірибелі төрешілердің фидбегі
Ауқымды жүлде қоры мен бағалы сыйлықтар
Алаңсыз ойын-сауық
Регистрация завершена
К сожалению, регистрация на участие в дебатном турнире «International El Umiti CUP» уже закрыта. Однако, вы можете следить за новостями и обновлениями в наших социальных сетях. Мы будем рады видеть вас в следующем турнире!
«Тұңғыш Cup 2023» қатысушылары назарына!!!
Сізге "Тәуелсіздік дәуірі" ойынына қатысып, құнды сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігін ұсынамыз!
Қатысушыларға
Егер сіз турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болсаңыз, "Тәуелсіздік дәуірі" ойынының бірінші онлайн кезеңіне қатыса аласыз. Осы кезеңнен кейін 2 желтоқсан күні офлайн ойынға қатысатын 16 қатысушыны іріктеп аламыз.
Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша "Тұңғыш Cup 2023" студенттер арасындағы Ұлттық пікірсайыс гранд-турнирі аясында "Тәуелсіздік дәуірі" турнирі
Соңғы кезеңде 16 қатысушы өз арасында келесі сыйлықтар үшін бақталасады: 1 место - iPhone, 2 место - iPad, 3 место - наушники AirPods
Турнирді "El Umiti" қоры ұйымдастырады. Турнирдің плей-офф кезеңіне өткен қатысушылар жайлы қонақүйден жатын орын, тамақтандыру және қала ішінде тасымалдау бойынша қамтамасыз етіледі. Сондықтан, өздеріңізге әріптес тауып, турнирде аймағыңыздың атынан шығуға білек сыбана дайындала беріңіз!
Іріктеу кезеңі
18 қараша, 2023 жыл Онлайн
Плей-офф
2 желтоқсан, 2023 жыл Астана қ., Astana Garden School Ә. Бөкейхан к-ші, 34